АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдар арасында туберкулездің алдын алу тақырыбында аутрич қызметкерлеріне арналған семинар өтті
ШҚО ЖИТС орталығында АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдар арасында туберкулездің алдын алу тақырыбында аутрич қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Семинардың лекторлары фтизиатр-дәрігер Олеся Александровна Ионина және эпидемиолог Аяулым Еркінқызы Әукенова болды.
Іс-шараның басты мақсаты – халықтың негізгі топтарымен жұмыс істейтін мамандардың білімін арттыру. Семинар барысында туберкулезді анықтау және алдын алу ерекшеліктері, ауруды ерте диагностикалаудың маңыздылығы және коинфекцияның таралу қаупін азайту шаралары талқыланды.