Семей медицина университетінің Өскемен филиалы қызметкерлеріне арналған АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинар
Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары Семей медицина университетінің Өскемен филиалы қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында өңірдегі эпидемиологиялық ахуал, АИТВ инфекциясымен күресудегі «95-95-95» стратегиясының маңыздылығы және антиретровирустық терапияның рөлі талқыланды. Мамандар АИТВ инфекциясын анықтау мен тестілеу ережелерін, медицина қызметкерлеріне арналған алдын алу шараларын және нормативтік құжаттармен жұмыс істеу мәселелерін түсіндірді.