Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде АИТВ инфекциясы мен В және С вирустық гепатиттерінің алдын алу мәселелеріне арналған ақпараттық-профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға ШҚО ЖИТС орталығының өкілі Турарова Юлия Юрьевна қатысты.
Кездесуді мектептің медицина қызметкерлері — педиатр-дәрігер Амантаев А.Е. мен медбике Мумбаева Д.А. ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың қауіпті инфекциялардың жұғу жолдары, сақтану шаралары және АИТВ мен вирустық гепатитті ерте диагностикалаудың маңыздылығы туралы білім деңгейін арттыру болды.
Юлия Юрьевна оқушыларға қауіпті инфекциялардың алдын алу жолдарын қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіріп, АИТВ төңірегіндегі жалған ақпараттарды жоққа шығарып, денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті. Оқушылар белсенділік танытып, маманға сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру мен медициналық сауаттылықты арттыруда маңызды рөл атқарады.