Шығыс Қазақстан облысы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандарына АИТВ-инфекциясы тақырыбында семинар өткізілді.
Дәрігер эпидемиолог
Татьяна Башкирцева аудандағы эпидемиологиялық жағдай; төтенше жағдайлардағы әрекеттер алгоритмі, ПКП; АИТВ -ға тестілеудің клиникалық көрсеткіштері; диагностикалық зертханаға жіберілген қан үлгілеріне кодтың дұрыс тағайындалуы туралы баяндады.
ЖИТС орталығының зертхана дәрігері Ольга Корякиная ИФА-да талдауға қан сынамаларын дайындау ережелері және АИТВ-ға экспресс тестілеуді жүргізу әдістемесі туралы айтты.