“Өмір үшін білім: Өскемен колледжінде ЖИТС-тің алдын алу туралы айтылды”
Өскемен жоғары политехникалық колледжінде ЖИТС-тің алдын алу тақырыбына арналған дәріс өтті. Шара барысында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері студенттерге маңызды ақпарат жеткізіп, олардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
Дәріс барысында мамандар ЖИТС-тің берілу жолдары, оның алдын алу әдістері және осы аурумен байланысты стереотиптер туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар, ЖИТС-пен өмір сүретін адамдардың құқықтарын қорғау және оларға толерантты көзқараспен қарау қажеттілігі туралы да айтылды.