Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының  таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

«Евромед» клиникасындағы семинар: АИТВ орталығы мамандары тәжірибе алмасты

Өскемен қаласындағы Қайсенов көшесінде орналасқан «Евромед» клиникасында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – медициналық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Семинар барысында қатысушылар жұқпаның берілу жолдары, тестілеудің маңызы және ем қабылдаушылармен жұмыс істеудің этикалық аспектілері жөнінде пікір алмасты. Әсіресе, халық арасында АИТВ-ға тестілеуді кеңінен жүргізудің қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

 

ШҚО ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығының қызметкерлері «Ұлттық диктант» акциясына қатысты

Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығының қызметкерлері «Ұлттық диктант» акциясына қатысты.

2025 жылдың 29 қазанында Өскемен қаласында жалпыұлттық «Ұлттық диктант» акциясы өтті. Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен және Қазақстан халқының тілдері күні мерекесімен тұспа-тұс келіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталды.

«Ұлттық диктант» жобасының басты мақсаты – халықтың жазу сауаттылығын арттыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және тіл мәдениетін нығайту болып табылады.

Аутрич-қызметкерлерге арналған семинар: АИТВ-мен күрестегі жаңа мүмкіндіктер

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында аутрич-қызметкерлерге арналған семинар өтті. Іс-шараның тақырыбы - «Шақырулардан - өзгерістерге: АИТВ-ға қарсы жауаптағы жаңа қадамдар».

Семинар барысында қатысушылар АИТВ індетінің алдын алу, қауіпті мінез-құлықтың алдын алу, қоғамда стигма мен кемсітушілікті азайту жолдары туралы өзара пікір алмасты. Сондай-ақ аутрич-қызметкерлер тәжірибе бөлісіп, тиімді ақпараттық жұмыстар жүргізудің жаңа тәсілдерін талқылады.

ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Республика күніне арналған мерекелік жиын өтті. Іс-шара барысында еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің маңызы атап өтілді

ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Республика күніне арналған мерекелік жиын өтті.                                                                        

Іс-шара барысында еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің маңызы атап өтілді.                                                                                                                                            

ЖИТС орталығы «Ваш доктор» клиникасы мамандарына семинар өткізді

«Ваш доктор» клиникасында ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы медициналық қызметкерлерге арналған оқу семинарын өткізді.

Кездесудің мақсаты – медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және ерте анықтау бойынша білімін арттыру.

Семинар барысында өңірдегі АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай қарастырылып, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру тәртібі түсіндірілді.

«Евромед» клиникасында ЖИТС орталығының семинары

«Евромед» клиникасында ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы медициналық қызметкерлерге арналған оқу семинарын өткізді.

Кездесудің мақсаты - мамандардың АИТВ-инфекциясының алдын алу мен диагностикалаудың заманауи тәсілдері туралы хабардарлығын арттыру.

Эпидемиолог-дәрігер Г.К. Нұрпейсова 2025 жылдың 1 қазанына дейінгі облыстағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдайға шолу жасап, қатысушыларды АИТВ-ның алдын алу жөніндегі нормативтік құжаттармен таныстырды.

Колледж студенттеріне АИТВ алдын алу тақырыбында дәріс өтті

Өскемен технология және сервис колледжінде ШҚО ЖИТС орталығы мен №2 емхананың жастар орталығы бірлесіп дәріс өткізді.

Мамандар студенттерге АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен оның алдын алу шаралары туралы айтып, кең таралған қате түсініктерді жоққа шығарды.

Кездесу барысында қатысушыларға ақпараттық буклеттер таратылып, бейнеролик пен презентация көрсетілді. Шараның мақсаты – жастардың АИТВ мәселесі жөніндегі білімін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

 

Ана мен бала орталығындағы семинар

Ана мен бала орталығының педиатриялық блогында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Гулнар Қабдуллаевна қатысумен семинар өтті.

Кездесу барысында АИТВ жұқтырған аналардан туған балаларды бақылау мәселелері қарастырылып, экспресс-тестілеу үдерісінің көрсетілімі өткізілді.

Маман ерте диагностиканың және мекемелер арасындағы өзара ынтымақтастықтың ана мен баланың денсаулығын қорғаудағы маңыздылығын атап өтті.

 

ШҚО мәслихатында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өтті

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының дәрігері Айгерім Қайратқызы ШҚО мәслихатында ақпараттық дәріс өткізді.

Кездесуде АИТВ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары және халықты ақпараттандырудың маңызы талқыланды.

Қатысушылар тақырып бойынша сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.