Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында орналасқан «Шығыс Қазақстан облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы» бөлімшесінде ЖИТС орталығы мамандарының қатысуымен ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.
Кездесудің басты мақсаты – халықтың АИТВ инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру, жұғу жолдары, алдын алу әдістері және дер кезінде тексерілудің маңыздылығы туралы түсіндіру болды. ЖИТС орталығының мамандары қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, көрнекі материалдармен түсіндіріп, мазалаған тақырыптарды жан-жақты талқылады.
Ашық форматта өткен бұл кездесуде қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауап алып, АИТВ жөніндегі қате пікірлер мен мифтерді жоққа шығарды. Мұндай іс-шаралар АИТВ-ның алдын алуда және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.