Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС орталығында аутрич қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығында аутрич қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Кездесудің басты тақырыбы декадник ұранына арналды: «Дұрыс жолды – адам құқығы жолын таңдаңыз».

Семинар барысында қатысушылар АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын қорғау маңыздылығын, сондай-ақ аутрич қызметкерлерінің аурудың алдын алудағы және осал топтармен жұмыс істеудегі рөлін талқылады. Ерекше назар стигма мен кемсітушілік мәселелеріне және әр адамға толерантты көзқарас қалыптастыру қажеттілігіне аударылды.

Мектеп оқушыларына ЖИТС туралы маңызды ақпарат берілді

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында №36 мектептің жоғары сынып оқушылары үшін ЖИТС-тің алдын алу тақырыбына арналған дәріс өткізілді. Шараны психолог және сенім пунктінің медбикесі Динара Рашидқызы Сәлімбаева ұйымдастырды.

Өз мәртебеңді біл: «Император» сауда орталығында ЖИТС-тің алдын алу акциясы өтті

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Император» сауда орталығында «Өз мәртебеңді біл» акциясы ұйымдастырылды. Шараны Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығы мен «Answer» қоғамдық қоры бірлесіп өткізді.

Акция аясында арнайы экспресс-тест өткізу пункті құрылды, онда кез келген адам өз ЖИТС мәртебесін жасырын, жылдам және тегін анықтай алды. Сонымен қатар, мамандар халыққа кеңес беріп, ЖИТС-тің алдын алу жолдары, оның таралуы және емдеу әдістері туралы толық ақпарат ұсынды.

“Өмір үшін білім: Өскемен колледжінде ЖИТС-тің алдын алу туралы айтылды”

Өскемен жоғары политехникалық колледжінде ЖИТС-тің алдын алу тақырыбына арналған дәріс өтті. Шара барысында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының дәрігерлері студенттерге маңызды ақпарат жеткізіп, олардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

Дәріс барысында мамандар ЖИТС-тің берілу жолдары, оның алдын алу әдістері және осы аурумен байланысты стереотиптер туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар, ЖИТС-пен өмір сүретін адамдардың құқықтарын қорғау және оларға толерантты көзқараспен қарау қажеттілігі туралы да айтылды.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5518 әскери бөлімінде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс ұйымдастырылды.

Дәрісті профилактика бөлімінің эпидемиолог дәрігері Аяулым Аукенова оқыды. Ол әскери қызметшілерге АИТВ-ның алдын алу, сақтық шараларын сақтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы баяндады.

Дәріскер жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіз мінез-құлықты ұстануға және тұрақты тексеріліп тұруға шақырды. Мұндай іс-шаралар жастардың ақпараттылығын арттырып, алдын алу жұмыстарын нығайтуға септігін тигізеді.

 

Дұрыс жолды – адам құқығы жолын таңдаңыз : Шығыс Қазақстан кәсіпкерлер палатасы үшін АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өтті

Шығыс Қазақстан облысында АИТВ-инфекциясының алдын алу және хабардарлығын арттыруға бағытталған маңызды кездесу өтті. ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық орталығы ұйымдастырған "Дұрыс жолды-адам құқықтары жолын таңдаңыз" атты дәріс "Атамекен"ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына кіретін ШҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдерін жинады.

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында баспасөз мәслихаты өткізілді

21 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған "Дұрыс жолды – адам құқығы жолын таңдаңыз" тақырыбымен баспасөз мәслихаты өтті. Іс шарада ЖИТС ШҚ ОО сарапшылары сөз сөйледі: 
    * Сәуле Кениспекова, эпидемиологиялық бөлімше меңгерушісі;
    * Галина Волкова, инфекционист-дәрігері;
    * Аяулым Әукенова, профилактикалық бөлім меңгерушісінің м.а.

Сарапшылар облыстағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, негізгі мәселелер мен жетістіктерге назар аударды. Мамандардың айтуынша, АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларын анықтау динамикасы бақылауда.