Күршім аудандық ауруханасындағы ЖИТС орталығының мониторинг тобы
Осы аптада Күршім аудандық ауруханасына ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мониторинг тобы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында АИТВ инфекциясы бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасы тексеріліп, медициналық қызметкерлерге арналған оқыту семинары өткізілді.
Семинарда АИТВ-ның алдын алу, ерте анықтау, негізгі топтармен жұмыс істеу және АИТВ жұқтырған адамдарды жүргізу мәселелері талқыланды. Ерекше назар құпиялылықты сақтау мен пациенттердің құқықтарын қорғауға аударылды.