Өскемен қаласындағы Қайсенов көшесінде орналасқан «Евромед» клиникасында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – медициналық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Семинар барысында қатысушылар жұқпаның берілу жолдары, тестілеудің маңызы және ем қабылдаушылармен жұмыс істеудің этикалық аспектілері жөнінде пікір алмасты. Әсіресе, халық арасында АИТВ-ға тестілеуді кеңінен жүргізудің қажеттілігіне ерекше назар аударылды.


