ШҚО ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығының қызметкерлері «Ұлттық диктант» акциясына қатысты
Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығының қызметкерлері «Ұлттық диктант» акциясына қатысты.
2025 жылдың 29 қазанында Өскемен қаласында жалпыұлттық «Ұлттық диктант» акциясы өтті. Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен және Қазақстан халқының тілдері күні мерекесімен тұспа-тұс келіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталды.
«Ұлттық диктант» жобасының басты мақсаты – халықтың жазу сауаттылығын арттыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және тіл мәдениетін нығайту болып табылады.