Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

Мектеп оқушыларына арналған АИТВ-ның алдын алу жөніндегі дәріс: өзіңді қорғау үшін білу маңызды

Өскемен қаласы білім бөлімінің қарамағындағы К.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде 8–10 сынып оқушыларына арналған маңызды ақпараттық кездесу өтті. АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәрісті Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының алдын алу бөлімі ұйымдастырды.

ШҚО ЖИТС орталығының мамандары Зайсан аудандық ауруханасында мониторинг және семинар өткізді

Өткен аптада Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Зайсан аудандық ауруханасында мониторинг және оқыту семинарын өткізді.

Сапардың мақсаты – бағдарламалық іс-шаралардың орындалу барысын бағалау және медицина қызметкерлерінің АИТВ мәселелері бойынша құзыреттілігін арттыру. Мониторинг аясында негізгі көрсеткіштер бойынша деректер жүйеленіп, аудандық аурухана қызметкерлеріне ресурстарды тиімді пайдалану және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Риддер қалалық ауруханасындағы ШҚО ЖИТС орталығының мониторингтік жұмыс

2025 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мониторингтік тобы «Риддер қалалық ауруханасында» жоспарлы тексеріс жүргізді. Мақсат – АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу саласындағы медициналық қызметтердің сапасын бағалау.

Риддерлік мектеп оқушыларына АИТВ-ның алдын алу туралы дәріс оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының мектептерінде АИТВ инфекциясының алдын алу апталығы аясында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері арнайы дәрістер өткізді. Шараның басты мақсаты — жасөспірімдердің вирус жұғу жолдары, одан қорғану шаралары мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы білімін арттыру.

Жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған АИТВ және қауіпсіздік шаралары жөніндегі семинар

8–11 сәуір аралығында ШҚО ЖИТС алдын алу және онымен күресү орталығының эпидемиолог-дәрігері Жанна Асенова жедел жәрдемнің медицина қызметкерлеріне арналған бірқатар оқыту семинарларын өткізді.

Кездесу барысында АИТВ инфекциясына қатысты маңызды мәселелер, жеке қауіпсіздік шаралары және биологиялық сұйықтықтармен байланыста стандарттарды сақтау маңыздылығы талқыланды.

Семинарға сондай-ақ Zoom платформасы арқылы облыс аудандарындағы жедел жәрдем қызметкерлері де онлайн қосылып, бұл медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттыруға және кең ауқымды қамтуға мүмкіндік берді.

Аутрич қызметкерлеріне арналған семинар: оқыту, өзара іс-қимыл және жаңа құралдар

ЖИТС орталығында негізгі топтар өкілдерімен жұмыстың сапасын арттыру және медицина мамандарымен, IT-бөліммен өзара әрекеттестікті нығайту мақсатында аутрич қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті.

Семинар барысында АИТВ тестілеуін дұрыс жүргізу, клиенттерді Достық кабинетіне доконтактіні профилактика алу үшін жолдаудың ерекшеліктері жан-жақты талқыланды. Дәрігер-дерматовенеролог мазмұнды баяндама жасап, адамдарды ДКП қабылдауға ынталандырудың маңыздылығын, профилактиканың артықшылықтарын және бұл үдерісте аутрич қызметкерлерінің рөлін түсіндіріп берді.

АИТВ мәселелері бойынша мониторинг пен семинар: ШҚО ЖИТС орталығының мамандары Алтай қаласындағы медициналық мекемелерде болды

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Алтай қаласындағы көпсалалы ауруханада мониторинг жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетті. Іс-шараның негізгі мақсаты — медицина қызметкерлерінің АИТВ инфекциясы бойынша білім деңгейін арттыру.

Сапар барысында стационар мен босану бөлімінің қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді. Қатысушыларға өңірдегі АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай, жаңа клиникалық хаттамалар, алдын алу және пациенттерді бағыттау мәселелері түсіндірілді.

Өскемен қаласында АИТВ бойынша зерттеу басталды

Өскемен қаласында негізгі топтар арасында АИТВ бойынша мінез-құлықтық эпиднадзорлық зерттеу басталды. Жұмыс 2025 жылдың сәуірінен маусым айына дейін жүргізіледі.

Топтың құрамында эпидемиологтар, кеңесшілер және медбикелер бар, олар Айдарқыз А. жетекшілігімен жұмыс істейді. Зерттеу 100 респондент арасында құрғақ қан тамшысы әдісі мен экспресс-тесті арқылы жүргізіледі.

Алтай қаласының оқушыларына АИТВ-нің алдын алу туралы айтылды

Алтай қаласындағы №6 орта мектепте ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізді. Шара барысында оқушыларға АИТВ жұғу жолдары, алдын алу шаралары және ерте тестілеудің маңыздылығы түсіндірілді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

АИТВ-дің алдын алу туралы Алтай жоғары колледжінің студенттеріне дәріс оқылды

Алтай жоғары колледжінде 1–2 курс студенттеріне АИТВ-дің алдын алу тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Аяжан Амирова жүргізді.

Маман вирус жұғу жолдары, қорғану тәсілдері және тестілеудің маңыздылығы туралы айтып берді. Іс-шара жастардың ақпараттануын арттырып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үндейді.