Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС орталығының мониторингтік сапары: Өскеменде медициналық көмекті қолдау және дамыту

26 және 30 қыркүйекте Өскемен Ана мен бала орталығында ШҚО ЖИТС орталығы мамандарының маңызды мониторингтік сапары өтті. Сапардың мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу және емдеу саласындағы медициналық персонал жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық және әдістемелік көмек көрсету болды.

Қазақстандағы ауруларды басқару бағдарламасы

Қазақстандағы ауруларды басқару бағдарламасы кеңінен жүзеге асырылып, азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетеді және денсаулық үшін бірлескен жауапкершілікті ынталандырады, деп хабарлады Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту орталығы (бұдан әрі – Ұлттық орталық).

Өскемен ЖЭО-да АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша дәріс өтті

26 қыркүйекте Өскемен ЖЭО аумағында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған Дәрігер-эпидемиолог Аукенова Аяулым Еркінқызымен кездесу өтті. Дәріс тақырыпқа белсенді қызығушылық танытқан және көптеген сұрақтар қойған кәсіпорын қызметкерлерінің назарын аударды.

Кездесу барысында вирустың таралу жолдары, АИТВ-инфекциясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері туралы толық ақпарат берілген. Инфекция қаупін азайту үшін уақтында тестілеудің маңыздылығы атап өтілді. Дәрігер қатысушыларды денсаулығына мұқият болуға және медициналық көмекке жүгінуден тартынбауға шақырды.

ШҚО ЖИТС орталығы мамандарының Шемонаиха ауданының аудандық ауруханасында

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары 24 қыркүйекте Шемонаиха ауданының аудандық ауруханасына мониторингтік сапар жасады. Сапардың басты мақсаты – медициналық мекемеге әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету.

Мамандар аудандық аурухана қызметкерлерімен бірлесіп, АИТВ инфекциясын анықтау, алдын алу және науқастарды бақылауда ұстау мәселелерін талқылады. Орталық мамандары соңғы халықаралық ұсыныстарға сәйкес АИТВ диагностикасы мен емдеу хаттамаларының дұрыс қолданылуын тексеріп, медициналық қызметкерлерге өзекті ақпаратпен бөлісті.

ШҚО ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерінің ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "18-ші мекемесінде" жеке құрамға арналған дәрісі

Денсаулық сақтау мәселелері бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерін ақпараттандыру ерекше маңызға ие. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты "18-ші мекемесінде" Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері жеке құрамға арналған дәріс өткізді.

Медицина колледжінің оқушыларына арналған акция

Бүгін Өскемен жоғары медициналық колледжінде Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен «Өз мәртебеңді біл» акциясы өтті.

19.09.2024 ж. ШҚОЦСПИД-те Достық кабинетінің дәрігері Д. Н.Мукушева АИТВ-инфекциясын жұқтырудың жанасудан кейінгі профилактикасы (ЖКП) және жанасуға дейінгі профилактика (ЖДП) мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының өкімімен өткізілді. Семинарға жастар орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және аутрич-қызметкерлері қатысты. 

Семинарға қатысушылар АИТВ-ның байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактикасы бойынша барлық сұрақтар бойынша толық ақпарат алды.

Алтай ауданының ауданаралық ауруханасында ШҚО ЖИТС орталығының мамандары мониторинг өткізді

Соңғы жылдары АИТВ/ЖИТС инфекциясымен күресу денсаулық сақтаудың маңызды бағыттарының біріне айналды. 
Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС орталығы өңірде АИТВ-инфекциясының таралуын алдын алу жұмыстарымен және бақылаумен белсенді айналысады. Бұл жұмыстың негізгі элементтерінің бірі-медициналық мекемелердегі жағдайды үнемі тексеріп, әдістемелік көмек пен талдауды жүзеге асыратын мониторингтік топтың қызметі. 

ШҚО ЖИТС орталығы мамандарының Серебрянск қалалық ауруханасына мониторингтік сапары

17 қыркүйекте ШҚО ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Алтай ауданында орналасқан Серебрянск қалалық ауруханасына кезекті мониторингтік сапар өткізді. Сапардың мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу және емдеу бойынша бағдарламалардың тиімділігін бағалау және аурухананың медициналық қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету болды.

ЦентрКредит Банкінің бас кеңсесінде "Өз мәртебеңді біл" акциясы өтті

2024 жылғы 16 қыркүйекте ЦентрКредит Банкінің бас кеңсесінде Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұйымдастырған "Өз мәртебеңді біл" атты акция өтті. Іс-шара банк қызметкерлері мен клиенттерінің назарын аударып, АИТВ-ға тестілеуден тез және конфедициалды өтуге мүмкіндік берді.