2025 жылғы 31 қазан айында жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының таралуы 1,0% құрады.
38-мектепте АИТВ алдын алу бойынша қызықты дәріс өтті
38-мектептің оқушылары үшін АИТВ алдын алу тақырыбында ерекше дәріс ұйымдастырылды. Шара барысында студенттерге презентациялар мен бейнероликтер көрсетіліп, АИТВ жұғу жолдары мен алдын алу әдістері туралы нақты және түсінікті ақпарат берілді. Оқушылар белсенді қатысып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маңызды мәлімет алды. Бұл дәріс жастар арасында дұрыс ақпарат тарату мен қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай С.Аманжолов атындағы ШҚУ-де студенттері үшін үлкен аудиторияда АИТВ алдын алу тақырыбында дәріс ұйымдастырылды
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай С.Аманжолов атындағы ШҚУ-де студенттері үшін үлкен аудиторияда АИТВ алдын алу тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Студенттерге презентациялар мен бейнероликтер көрсетіліп, АИТВ жұғу жолдары мен алдын алу әдістері туралы толық ақпарат берілді. Оқушылар мамандарға сұрақтарын қойып, маңызды мәліметтер алды.

ШҚО ЖИТС орталығы мен МЦЗ «Үміт» бірлесіп КГУ «Шәкәрім атындағы №1 орта мектепте» ақпараттық дәріс өткізді.
ШҚО ЖИТС орталығы мен МЦЗ «Үміт» бірлесіп КГУ «Шәкәрім атындағы №1 орта мектепте» ақпараттық дәріс өткізді. Шара барысында оқушыларға АИТВ туралы дұрыс мәлімет беріліп, алдын алу жолдары түсіндірілді. Оқушылар мамандарға өз сұрақтарын қойып, маңызды ақпарат алды.
ШҚО: ондаған тұрғындар шопинг үстінде экспресс-тесттен өтті
Шығыс Қазақстан облысында «Император» сауда орталығында ЖИТС-пен күрес жөніндегі дүниежүзілік күнге орай «Өз мәртебеңді біл» акциясы ұйымдастырылды. Шараны ШҚО ЖИТС орталығы НПО Answer-мен бірлесіп өткізіп, сауда орталығына келген тұрғындардың назарын бірден өзіне аудартты.
Сауда үйінің холлында мамандар АИТВ-ға жедел экспресс-тестілеу жүргізіп, сондай-ақ жеке кеңес беру жұмыстарын өткізді. Қатысушылар АИТВ жұғу жолдары, алдын алу, ерте анықтаудың маңыздылығы туралы толық әрі сенімді ақпарат алды.
N°3 мектепте Дүниежузілік ЖИТС-пен күрес күніне орай және жоспар бойынша өткен кезекті дәріс
N°3 мектепте АИТВ инфекциясының алдын алу
тақырыбында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне сай келген жоспарлы дәріс өтті
“Үміт” ЖДО мамандары оқушыларға АИТВ жұғу жолдары, одан
қорғану тәсілдері, ерте жүктіліктің алдын алу және жауапкершілік тақырыбы туралы ақпарат берді.
ШҚО ЖИТС орталығының мамандары Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Жоғары IT колледжінде 1-курс студенттеріне АИТВ/ЖИТС бойынша ақпараттық дәріс өткізд
ШҚО ЖИТС орталығының мамандары Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Жоғары IT колледжінде 1-курс студенттеріне АИТВ/ЖИТС бойынша ақпараттық дәріс өткізді. Шараның мақсаты – жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу, дұрыс ақпарат тарату және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Студенттер мамандарға өз сауалдарын қойып, маңызды мәліметтер алды.
№10 мектепте АИТВ алдын алу лекциясы өтті
№10 мектептің оқушылары үшін АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ағартушылық лекция өтті. Іс-шараны ШҚО ЖИТС орталығы ұйымдастырды.
Лекция дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған республикалық ақпараттық кампания аясында өткізілді.
Мақсат — жасөспірімдерге АИТВ туралы дұрыс ақпарат беру, жалған көзқарастарды жою және салауатты өмір салтын насихаттау.
Өскеменде жалпы практика дәрігерлері мен учаскелік терапевтерге арналған АИТВ мәселелері бойынша облыстық семинар өтті
ЖИТС-пен күресудің дүниежүзілік күні қарсаңында Өскемен қаласында жалпы практика дәрігерлері мен учаскелік терапевтерге арналған мамандандырылған семинар өтті. Іс-шара 14 қарашада ұйымдастырылып, 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін айлық аясында жүзеге асырылды. Айлықтың мақсаты – АИТВ жұқпасының алдын алу шараларын күшейту және медициналық қызметкерлер арасында ақпараттануды арттыру.
ҚАЕУ-де «ВИЧеринка» өтті: қабылдау, қолдау және денсаулыққа қамқорлық туралы ашық әңгіме
Қазақ-американ еркін университетінде (ҚАЕУ) «ВИЧеринка 2025» атты фасилитациялық кездесу өтті. Тақырыбы — «Қабылдау, қолдау және денсаулыққа қамқорлық мәдениеті: қорқынышсыз өмір».
Іс-шараны Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұйымдастырды.
Кездесудің басты мақсаты — жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу туралы білімді арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және АИТВ-ға қатысты стигманы азайту.