Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының  таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

ЖИТС орталығы «Ваш доктор» клиникасы мамандарына семинар өткізді

«Ваш доктор» клиникасында ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы медициналық қызметкерлерге арналған оқу семинарын өткізді.

Кездесудің мақсаты – медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және ерте анықтау бойынша білімін арттыру.

Семинар барысында өңірдегі АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай қарастырылып, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру тәртібі түсіндірілді.

Қатысушылар АИТВ-ны анықтаудың экспресс-тестілеу әдістерімен танысты — қан арқылы және сілекей (десневой) әдісімен. Сондай-ақ, тестілеуді жүргізу және нәтижелерді тіркеу ережелері талқыланды.

Іс-шараның мақсаты – медициналық ұйымдар арасында тиімді өзара әрекеттестікті нығайту және өңірде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша жұмыстарды жетілдіру.