Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты концерт өтті
Медицина қызметкерлері күніне орай Шығыс Қазақстан облысында салтанатты концерт өтті. Іс-шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың жанқиярлық еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін алғысын білдірді.
Бұл мерекелік жиынға ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы да қатысты. Біздің ұжым үшін ерекше қуаныш — эпидемиолог-дәрігер Башкирцева Татьяна ШҚО әкімінің қолынан денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хат алған сәт болды.