ШҚО ЖИТС орталығының мамандары Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Жоғары IT колледжінде 1-курс студенттеріне АИТВ/ЖИТС бойынша ақпараттық дәріс өткізді. Шараның мақсаты – жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу, дұрыс ақпарат тарату және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Студенттер мамандарға өз сауалдарын қойып, маңызды мәліметтер алды.

