ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,847% құрады.
ЖИТС орталығының мониторингтік тобы Үлкен Нарын аудандық ауруханасында
ЖИТС орталығының мамандары әдістемелік-ұйымдастырушылық көмек көрсету және медицина қызметкерлерінің жұмыс сапасын жақсарту үшін аудандық ауруханаларға мониторингтік сапарларын жалғастыруда. Кезекті сапар 2024 жылдың 30 қазан күні Үлкен Нарын аудандық ауруханасында өтті.
Сапар аясында сарапшылар медицина қызметкерлері үшін практикалық сабақтар өткізді, оның барысында АИТВ-ға талдау жасау үшін қан алудың дұрыс әдістемесін көрсетті. Бұл диагноздың маңызды бөлігі және нәтижелердің дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін егжей-тегжейге ерекше назар аударуды қажет етеді.
№2 Катонқарағай аудандық ауруханасында АИТВ-ның алдын алу бойынша мониторинг және семинар өтті
2024 жылдың 29 қазан күні Катонқарағай ауданының №2 аудандық ауруханасында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұйымдастыруымен мониторинг және семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясының алдын алу мен емдеудің заманауи әдістері туралы хабардарлық деңгейін арттыру, сондай-ақ пациенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту болды.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №22 мекемесінде АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу тақырыбында дәріс өтті
2024 жылғы 23 қазанда ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №22 мекемесінде АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу тақырыбында дәріс өтті. Алдын алу бөлімі дәрігер-эпидемиологы Аукенова Аяулым жеке құрамға осы мәселе бойынша өзекті ақпарат пен статистикамен бөлісті.
Дәріс барысында лектор уақытылы диагностиканың және вирустың таралу жолдары туралы хабардар болудың маңыздылығын атап өтті. Аурудың алдын алу шаралары, тұрақты тестілеудің қажеттілігі және АИТВ таралуын болдырмау үшін ерте емдеудің маңызына ерекше көңіл бөлінді.
ШҚО ЖИТС орталығының мамандарының Риддер қаласының психиатриялық және наркологиялық қызмет бөліміне мониторингтік сапары
Жұмыс сапары аясында 22 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мониторингтік тобы Риддер қаласы бойынша психиатриялық және наркологиялық қызмет бөліміне барды. Сапардың мақсаты АИТВ қаупі бар науқастармен жұмысты ұйымдастыруды бағалау және инфекцияның алдын алу және емдеу бойынша жұмыс үйлестіру болды.
ШҚО ЖИТС орталығының мамандары Риддер қалалық ауруханасында мониторингтік жұмыс өткізді
22 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Риддер қалалық ауруханасына мониторингтік сапар өткізді. Сапардың негізгі мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу және емдеу саласындағы медицина қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттыру болды.
Сапар аясында ЖИТС орталығының мамандары әдістемелік және практикалық ұсыныстар берді, медициналық қызметтерді ұйымдастыруға аудит жүргізді. Мұндай мониторингтік іс-шаралар медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға және алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Баға ұсыныстарын сұрау арқылы сатып алу туралы хабарландыру 8
1. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы - Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Өскемен қ. Буров к, 21/1;