"Дос-Нар" базарында “Өз мәртебеңді біл” акциясы өтті
27 тамызда 2024 жылы Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары "Дос-Нар" сауда үйінде “Өз мәртебеңді біл" акциясын өткізді. Іс-шара АИТВ-ға тестілеудің маңыздылығы туралы хабардар ету мақсатында ұйымдастырылды.