Денсаулыққа қамқорлық: «Казцинк» ЖШС қызметкерлері жұмыс орнында өздерінің АИТВ-мәртебесін білді
«Казцинктің» мырыш және қорғасын өндірістерінің денсаулық сақтау пункттерінде Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы ұйымдастырған «Өз мәртебеңді біл»акциясы өтті. Акция АИТВ-инфекциясының алдын алуға және ерте анықтауға бағытталған. Кәсіпорын қызметкерлері АИТВ-ға жұмыс орнында қан тапсыруға мүмкіндік алды, бұл көптеген адамдарға өндірістік міндеттерден қол үзбей өз мәртебесін білуге мүмкіндік берді.