ШҚО ПДО-да өткен семинарда АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу мәселелері талқыланды
2025 жылғы 22 қаңтарда ШҚО психикалық денсаулық орталығында ШҚО ЖИТС орталығы ұйымдастырған медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты – медициналық мамандардың АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикасы және емдеу саласындағы білімдері мен дағдыларын арттыру болды.
Семинар АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, «95-95-95» стратегиясы, сондай-ақ АИТВ таралуының алдын алудағы АРТ терапияның рөлі сияқты өзекті мәселелер қаралды.