Алтай ауданының ауданаралық ауруханасында ШҚО ЖИТС орталығының мамандары мониторинг өткізді
Соңғы жылдары АИТВ/ЖИТС инфекциясымен күресу денсаулық сақтаудың маңызды бағыттарының біріне айналды.
Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС орталығы өңірде АИТВ-инфекциясының таралуын алдын алу жұмыстарымен және бақылаумен белсенді айналысады. Бұл жұмыстың негізгі элементтерінің бірі-медициналық мекемелердегі жағдайды үнемі тексеріп, әдістемелік көмек пен талдауды жүзеге асыратын мониторингтік топтың қызметі.