Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары, заманауи диагностика мен емдеу тәсілдері, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметі кезіндегі қауіпсіздік шаралары кеңінен талқыланды. Апаттық жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмдеріне және уақытылы тестілеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
ЖИТС орталығының мамандары медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясын ерте анықтаудағы, пациенттерге кеңес берудегі және стигматизацияны төмендетудегі рөлін атап өтті. Семинар барысында экспресс-тестілер көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік материалдар таратылды.
Мұндай оқыту семинарлары медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыруға және АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.

