Гематология орталығында медицина қызметкерлеріне арналған АИТВ мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясына қатысты эпидемиологиялық қырағылықтың маңыздылығы, алдын алу шаралары, науқастармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері қозғалды. Семинар медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін арттыруға және жауапкершілігін күшейтуге бағытталды.
