Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 қазан айында жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының таралуы 1,0% құрады.

Ресми сайттар

«Квансон» қазақстан-корей колледжінде АИТВ және нашақорлықтың алдын алу бойынша дәріс өтті

Қазақстан-корей «Квансон» колледжінде Шығыс Қазақстан облыстық АИТВ алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мен наркология қызметінің психологтары бірлесіп ақпараттық дәріс өткізді.

Психологтар студенттерге есірткі заттарының жіктелуі, тәуелділіктің түрлері және психоактивті заттарды қолданудың салдары туралы жан-жақты түсіндірді. Оқу барысында жастарға нашақорлықтың зияны туралы бейнеролик көрсетілді.

ЖИТС орталығының мамандары АИТВ инфекциясы, оның берілу жолдары, қорғану тәсілдері және ерте тестілеудің маңызы жөнінде ақпарат берді.

Шара ашық әңгіме форматында өтіп, студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, денсаулықты сақтауға қатысты пайдалы кеңестер алды.