№43 мектепте Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай өткен дәріс
№43 мектепте АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған дәріс өтті.
Іс-шараны ШҚО ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұйымдастырды.
Мамандар оқушыларға АИТВ жұғу жолдары, одан қорғану тәсілдері және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызы туралы ақпарат берді.