2025 жылғы 31 қазан айында жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының таралуы 1,0% құрады.
№15 орта мектепте денсаулық туралы дәріс өтті
№15 орта мектепте «Менің отбасылық амбулатория» - Жастар денсаулық орталығының мамандары оқушыларға арналған денсаулықты сақтау және АИТВ-ның алдын алу тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында салауатты өмір салты, аурудың алдын алу және жауапты мінез-құлық туралы маңызды ақпарат берілді.
Ішкі істер департаментінің госпиталінде ЖИТС орталығының мамандары ұйымдастырған медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті
Іс-шара барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары, заманауи диагностика мен емдеу тәсілдері, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметі кезіндегі қауіпсіздік шаралары кеңінен талқыланды. Апаттық жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмдеріне және уақытылы тестілеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ЖИТС орталығында салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері ел дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін құрмет грамоталарымен марапатталды. Басшылық ұжымға кәсіби шеберлігі мен жауапты қызметі үшін алғыс білдіріп, мерекемен құттықтады.
5-мектепте АИТВ туралы дәріс өтті
ЖИТС орталығының мамандары «Болашақ» деңсаулық орталығы ұйымымен бірлесіп, 5-мектеп оқушыларына ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға АИТВ деген не, оның қалай жұғатыны және одан қорғанудың тиімді жолдары түсіндірілді. Мамандар бұл тақырыпқа байланысты жиі таралатын жалған сенімдерді жоққа шығарып, сенімді ақпараттың маңызына тоқталды.
Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қараудың қоғам үшін маңызды екені айтылды. Оқушылар мамандарға өз сұрақтарын қойып, толық әрі түсінікті жауап алды.
Өскемен гарнизонында АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өтті
ҚР Қорғаныс министрлігінің Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімі профилактика бөлімінің маманымен бірлесіп, әскери қызметкерлерге ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында АИТВ-ның жұғу жолдары, одан қорғану тәсілдері және дер кезінде тест тапсырудың маңызы түсіндірілді. Мамандар әскери қызметкерлерге экспресс-тесттердің қалай қолданылатынын көрсетіп, түсіндірме берді.
Қатысушыларға алдын алу жөніндегі негізгі ақпаратты қамтитын тарату материалдары ұсынылды. Іс-шараның мақсаты – жеке құрамның хабардарлығын арттырып, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін нығайту.
Өскемен жоғары политехникалық колледжінде АИТВ туралы дәріс өтті
ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Өскемен жоғары политехникалық колледжінің 1–3 курс студенттеріне ақпараттық дәріс өткізді.
Студенттерге АИТВ, оның жұғу жолдары мен алдын алу тәсілдері түсіндіріліп, кең таралған мифтер жоққа шығарылды.
Кездесу соңында қатысушылар барлық сұрақтарына толық жауап алды.
27-мектепте АИТВ туралы дәріс өтті
27-мектепте АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық дәріс ұйымдастырылды. Мамандар оқушыларға АИТВ-ның берілу жолдары, қорғану тәсілдері және ерте тестілеудің маңызы туралы түсіндірді. Оқушылар сұрақтар қойып, қажетті кеңестер алды.
«Квансон» қазақстан-корей колледжінде АИТВ және нашақорлықтың алдын алу бойынша дәріс өтті
Қазақстан-корей «Квансон» колледжінде Шығыс Қазақстан облыстық АИТВ алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мен наркология қызметінің психологтары бірлесіп ақпараттық дәріс өткізді.
Психологтар студенттерге есірткі заттарының жіктелуі, тәуелділіктің түрлері және психоактивті заттарды қолданудың салдары туралы жан-жақты түсіндірді. Оқу барысында жастарға нашақорлықтың зияны туралы бейнеролик көрсетілді.
ЖИТС орталығының мамандары АИТВ инфекциясы, оның берілу жолдары, қорғану тәсілдері және ерте тестілеудің маңызы жөнінде ақпарат берді.
«95–95–95» : ШҚО сарапшылары АИТВ-ға қарсы жаңа қадамдарды белгілеп өтті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының АИТВ инфекциясын жою стратегиясы «95–95–95»-ке сәйкес жоспарын іске асыру аясында 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында АИТВ-ны диагностикалау, алдын алу және емдеу мәселелеріне арналған облыстық конференция өтті.
Мерекеге поликлиникалардың меңгерушілері, терапевт дәрігерлер және өңірдің жалпы практика дәрігерлері қатысты. Конференцияның мақсаты - медициналық қызметкерлерді ересектер мен балаларда клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ инфекциясын тексерудің заманауи тәсілдерімен таныстыру.