2025 жылғы 31 қазан айында жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының таралуы 1,0% құрады.
Риддер қаласының Психикалық денсаулық орталығында АИТВ алдын алу бойынша мониторинг пен семинар өтті
Риддер қаласының Психикалық денсаулық орталығында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары мониторинг жүргізіп, оқыту семинарын өткізді.
Кездесу барысында мамандар профилактикалық жұмыстардың ұйымдастырылуын бағалап, АИТВ-ны ерте анықтау, осал топтармен жұмыс жүргізу және кеңес беру сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ медицина қызметкерлері заманауи алдын алу тәсілдері мен көмек көрсету алгоритмдері бойынша білімдерін жаңартуға мүмкіндік алды.
Риддер қаласының амбулаториялық орталығында медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті
Риддер қаласындағы амбулаториялық орталықта Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында мамандар АИТВ-ның алдын алу бойынша өзекті мәліметтерді түсіндіріп, ерте анықтау алгоритмдерін, пациенттерді жолдау тәртібін және кеңес беру ерекшеліктерін талқылады. Сонымен қатар осал топтармен жұмыс жүргізу мәселелеріне де көңіл бөлінді.
ШҚО ЖИТС орталығында қызметкерлердің қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өтті
Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында қызметтік міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жайында жиын өтті. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналды.
Баяндамашылардың айтуынша, бас дәрігердің тапсырмасымен барлық бөлімшелерде қызметкерлерге қауіпсіздік талаптары түсіндірілген. Қызметтік нұсқаулықтарда агрессия белгілері байқалған жағдайда қызметкердің іс-әрекет алгоритмі нақты көрсетілген: бөлім басшыларын дереу хабардар ету, қажет болғанда полиция шақыру.
ШҚО ЖИТС орталығында Ашық есік күні өтті
ШҚО ЖИТС орталығында халықтың АИТВ профилактикасы туралы білімін арттыру және медициналық қызметтерге деген сенімді күшейту мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Шара барысында келушілер профильді дәрігерлерден кеңес алып, қажет талдауларды тапсыру мүмкіндігіне ие болды.
Қонақтар сенім кабинетіне жүгініп, онда мамандар қауіпсіз мінез-құлық туралы ақпарат беріп, анонимді және жеке кеңес жүргізді. Сонымен қатар достық кабинеті жұмыс істеп, осал топтарға қолдау көрсетілді. Онда азаматтар өздеріне қажетті көмекті жайлы әрі құпия жағдайда ала алды.
«Семейный врач» көпсалалы медициналық орталығында семинар өтті
«Семейный врач» көпсалалы медициналық орталығында медицина қызметкерлеріне арналған оқу семинары ұйымдастырылды. Семинарды ШҚО ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері жүргізіп, АИТВ-ның алдын алу, ерте диагностиканың маңызы және медициналық персоналдың қауіпсіз жұмыс әдістері туралы ақпарат берді. Қатысушылар инфекциялық қауіпсіздік бойынша жаңартылған мәліметтер мен практикалық кеңестер алды.
ЖИТС орталығында үнсіздік минуты өтті
ШҚО ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанды еске алу рәсімі өтті. Орталық ұжымы оның жарқын бейнесіне құрмет көрсетіп, бір минут үнсіздік жариялады.
Ұлдана Мырзуан — өз ісіне адал, жанашыр әрі жауапты маман болатын. Оның есімі денсаулық сақтау саласында еңбек еткен ерлік пен мейірімнің жарқын белгісі ретінде есте қалады.
Өскемен көпсалалы технология колледжінде АИТВ туралы ақпараттық лекция өтті
Өскемендегі көпсалалы технология колледжінде студенттерге арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық лекция ұйымдастырылды. Шара барысында ЖИТС орталығы мамандары инфекцияның жұғу жолдары, қорғану тәсілдері және ерте тестілеудің маңызы туралы түсіндірді.
Студенттер мамандармен ашық әңгіме жүргізіп, өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауап алды. Кездесу жастардың ақпараттылығын арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.
ШҚО ЖИТС орталығы 29-мектепте Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған лекция өткізді
Бүгін Өскемен қаласындағы №29 мектепте Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай жоғары сынып оқушыларына арналған ақпараттық лекция өтті. Шараны ШҚО ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының профилактика бөлімі ұйымдастырды.
Мамандар оқушыларға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, қорғану тәсілдері туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ жасөспірімдерге денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру жөнінде кеңестер берілді.
38-мектепте АИТВ алдын алу бойынша қызықты дәріс өтті
38-мектептің оқушылары үшін АИТВ алдын алу тақырыбында ерекше дәріс ұйымдастырылды. Шара барысында студенттерге презентациялар мен бейнероликтер көрсетіліп, АИТВ жұғу жолдары мен алдын алу әдістері туралы нақты және түсінікті ақпарат берілді. Оқушылар белсенді қатысып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маңызды мәлімет алды. Бұл дәріс жастар арасында дұрыс ақпарат тарату мен қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.