НЗМ-де АИТВ мен гепатиттің алдын алу
Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде АИТВ инфекциясы мен В және С вирустық гепатиттерінің алдын алу мәселелеріне арналған ақпараттық-профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараға ШҚО ЖИТС орталығының өкілі Турарова Юлия Юрьевна қатысты.
Кездесуді мектептің медицина қызметкерлері — педиатр-дәрігер Амантаев А.Е. мен медбике Мумбаева Д.А. ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың қауіпті инфекциялардың жұғу жолдары, сақтану шаралары және АИТВ мен вирустық гепатитті ерте диагностикалаудың маңыздылығы туралы білім деңгейін арттыру болды.