Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 қазан айында жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының таралуы 1,0% құрады.

Ресми сайттар

23 қаңтарда 2026 ж. ШҚО ПДО-да медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті

23 қаңтарда 2026 ж. ШҚО ПДО-да медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.

ШҚО ЖИТС орталығы ұйымдастырған семинарда эпидемиологиялық жағдай, «95-95-95» стратегиясы, АРТ-терапия, тексеру және тестілеу ережелері, алдын алу шаралары және стигмаға қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Эпидемиолог-дәрігер Арай Айдарқызы АИТВ-ны диагностикалау мен емдеудің маңызды аспектілерін баяндады. Семинар сұрақ-жауап форматындағы белсенді сессиямен аяқталды.

Б. Момышұлы атындағы орта мектепте 8–11 сынып оқушыларына арналған лекция өтті

Глубокое ауданының білім бөліміне қарасты «Б. Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ-де 8–11 сынып оқушыларына арналған лекция өтті.                         

Лекция тақырыбы: «АИТВ-инфекциясы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары».                                                                                                                           

 

Медициналық қызметкерлерге арналған семинар

НАО «Семей қаласының медициналық университеті» ШҚО Өскемен филиалында медициналық қызметкерлерге арналған семинар өтті.

🧬 Семинар тақырыбы:
АИТВ-инфекциясы. Алдын алу шаралары.

👩‍⚕️ Іс-шара спикерлері:
▫️ Волкова Галина Васильевна — инфекционист дәрігер;
▫️ Башкирцева Татьяна Михайловна — эпидемиолог дәрігер.

Семинар барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары және медициналық қызметкерлерді қорғаудың заманауи тәсілдері қарастырылды.

 

PERSONA халықаралық клиникалық репродуктология оратылығында Облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті

2026 жылғы 13 қаңтарда Өскемен қаласындағы PERSONA халықаралық клиникалық репродуктология оратылығында Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.

Іс-шараның спикері — дәрігер-эпидемиолог Нұрпейісова Г.Қ.

МӘМС туралы заңды түсіндіру бойынша тезистер

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласында қадағалау функциясы мен жедел ден қою шаралары берілетін болады.

Бұл норма міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіру бойынша қабылданған заңда көзделген.

Эпидемиологиялық сақтық - басты міндет

ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Мамандандырылған медициналық орталықтың медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.

Семинар барысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық қырағылықтың маңыздылығы, ерте анықтау, алдын алу шаралары және медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.                                                                                                                                                                                    

Денсаулық пен АИТВ-ның алдын алу - маңызды тақырып

Негізгі орта мектеп-интернатында Жастар денсаулық орталығы оқушыларға арналған денсаулық және АИТВ-ның алдын алу тақырыбында ақпараттық лекция өткізді. Кездесу барысында салауатты өмір салтын ұстану, аурудың алдын алу жолдары және жеке жауапкершіліктің маңызы айтылды. Оқушылар өз сұрақтарына жауап алды.                                                                                                                                                                                                                               

№15 орта мектепте денсаулық туралы дәріс өтті

№15 орта мектепте «Менің отбасылық амбулатория» - Жастар денсаулық орталығының мамандары оқушыларға арналған денсаулықты сақтау және АИТВ-ның алдын алу тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында салауатты өмір салты, аурудың алдын алу және жауапты мінез-құлық туралы маңызды ақпарат берілді.