Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

№14 мектепте денсаулық туралы ашық әңгіме

№14 орта мектепте ЖИТС орталығының маманы Юлия Тураровамен кездесу өтті.

Лекция барысында оқушылар өз денсаулығына қамқор болудың маңыздылығы, АИТВ қалай жұғатыны және одан қалай қорғануға болатыны туралы маңызды ақпарат алды.

Ашық форматтағы әңгіме жасөспірімдерге көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып, қауіпті мифтерді жоққа шығаруға мүмкіндік берді.

 

№46 орта мектепте ШҚО ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері лекция өткізді

Оқушыларға АИТВ-ның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары түсіндіріліп, барлық сұрақтарға жауап берілді.

Лекция барысында маман жастарға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жауапты қарым-қатынас пен өз денсаулығына деген мұқият көзқарас АИТВ-ның алдын алуда шешуші рөл атқаратыны айтылды.

Оқушылар тақырыпқа белсенді қатысып, сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.

 

Аудандық эпидемиологтармен Zoom-семинар: Кәсіби АИТВ мәселелері талқыланды

Аудандық эпидемиологтармен мазмұнды Zoom-семинар өтті. Эпидемиологтардың кәсіби АИТВ-инфекциясына байланысты жұмысына арналған нормативтік құжаттар қаралды, төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмдері талқыланды.                                                                                                            

Клиникалық көрсеткіштер бойынша халықты тексеру және қан сынамаларын дұрыс кодтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.                                        

 

Білім – қорғаныстың алғашқы жолы: Марқакөл ауылындағы мектеп-интернат-колледжде АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өтті

АИТВ-ның алдын алу мақсатында Марқакөл ауылындағы мектеп-интернат-колледж базасында ақпараттық дәріс ұйымдастырылды. Кездесуге облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Аукенова Аяулым спикер ретінде қатысты.

Марқакөл ауылындағы №1 орта мектепте дәріс өтті: АИТВ туралы ашық сөйлестік

Марқакөл ауылындағы №1 орта мектепте АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық дәріс өтті. Іс-шараны облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Аукенова Аяулым жүргізді.

Оқушылар АИТВ-ның жұғу жолдары, қорғану әдістері, дер кезінде тест тапсырудың маңыздылығы және вирусқа қатысты жалған түсініктер туралы маңызды ақпарат алды. Дәріс ашық форматта өтті – оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, кәсіби жауаптар алды.

Ақпаратты болу – қорғанудың ең тиімді жолы!

 

ЖИТС орталығының мамандары Марқакөл ауданының аудандық ауруханасына іссапармен барды

Іссапар барысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға талдау жасалып, бағалау жүргізілді. АИТВ инфекциясы бойынша негізгі көрсеткіштерге мониторинг жүргізіліп, медицина қызметкерлеріне кеңес түрінде әдістемелік көмек көрсетілді. Науқастарды диагностикалау, бақылау және инфекцияның таралуын болдырмау мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Nº5 Куршім орта мектебінде ШҚО ЖИТС орталығы АИТВ туралы танымдық дәріс өткізді

«Nº5 Куршім орта мектебінде» ШҚО ЖИТС орталығы АИТВ туралы танымдық дәріс өткізді. Оқушылар негізгі ақпарат алып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызын ұғынды.                                                                                                                                                                                           

Н. Островский атындағы Күршім орта мектебінде дәріс

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Н.Островский атындағы Күршім орта мектебінде дәріс өткізді.

Жоғары сынып оқушыларына АИТВ деген не, оның қалай жұғатыны және өзіңді қалай қорғау керек екені түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрақты түрде тестілеуден өтудің маңыздылығы айтылып, кең таралған жаңсақ пікірлерге нүкте қойылды.

Мектеп әкімшілігіне ашықтық пен ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз. Біз бірге жауапты ұрпақ тәрбиелейміз!

 

Күршім аудандық ауруханасындағы ЖИТС орталығының мониторинг тобы

Осы аптада Күршім аудандық ауруханасына ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мониторинг тобы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында АИТВ инфекциясы бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасы тексеріліп, медициналық қызметкерлерге арналған оқыту семинары өткізілді.

Семинарда АИТВ-ның алдын алу, ерте анықтау, негізгі топтармен жұмыс істеу және АИТВ жұқтырған адамдарды жүргізу мәселелері талқыланды. Ерекше назар құпиялылықты сақтау мен пациенттердің құқықтарын қорғауға аударылды.

Бақылау іс жүзінде: ШҚО амбулаториялық орталығы АИТВ-мен күрес шараларын күшейтуде

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары мониторинг аясында амбулаториялық орталыққа жұмыс сапарымен барды. Сапардың басты мақсаты – АИТВ инфекциясын ерте анықтау және алдын алу бойынша медицина қызметкерлеріне кеңестік-әдістемелік көмек көрсету болды.