Шемонаиха аудандық ауруханасындағы ШҚО ЖИТС орталығының мониторинг өткізді
Шемонаиха аудандық ауруханасында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мониторинг тобы жұмысын жүргізді. Қызметтің басты мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу шараларына әмбебап қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Мамандар құжаттаманы зерттеп, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына баға беріп, аурухана қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетті. Медициналық қызметкерлерге шұғыл жағдайларда қан алу кезінде АИТВ-ға экспресс-тест жүргізу тәсілдері практикада үйретілді.