Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

Аутрич-қызметкерлерге арналған семинар

Халықтың осал топтарын қолдау және алдын алу бағдарламаларын дамыту аясында аутрич-қызметкерлерге арналған семинар өтті. Іс-шараға заңгер Гуляева Татьяна Никифоровна және алдын алу бөлімінің өкілдері қатысты, бұл өз кезегінде алдағы жұмыстың негізгі аспектілерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді.

Негізгі назар негізгі топтарды құқықтық қорғау және құқық қолдану практикасы мәселелеріне, сондай-ақ ЖИТС орталығымен тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыруға аударылды.

№30 жалпы білім беретін мектепте 10–11 сынып оқушыларына дәріс өткізілді

№30 жалпы білім беретін мектепте 10–11 сынып оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға арнайы бейнеролик көрсетіліп, кейін олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

Лектор АИТВ-ның жұғу жолдары, одан қорғану әдістері және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ, АИТВ туралы кең таралған қате пікірлерді жоққа шығарып, уақытылы тестілеуден өтудің қажеттілігін атап өтті.

№35 мектепте 11-сынып оқушыларына АИТВ бойынша дәріс өтті

№35 мектепте 11-сынып оқушыларына АИТВ-ның алдын алу тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті ШҚО ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Аукенова Аяулым жүргізді.

Маман жастарға АИТВ жұғу жолдары, сақтану әдістері және дер кезінде тестілеуден өтудің маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ АИТВ туралы кең таралған қате пікірлер мен осы инфекциямен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарастың қажеттілігі жайлы түсіндірді.

ШҚО ЖИТС орталығы мамандарының №2 қалалық емханада мониторингтік жұмысы

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары №2 қалалық емханада мониторингтік жұмыс жүргізді. Негізгі мақсат – қызметкерлерге кеңес беру және өткен жылғы тексеру барысында анықталған кемшіліктердің түзетілгенін бағалау.

Жұмыс барысында мамандар медициналық құжаттарды, АИТВ-ға тестілеу ұйымдастырылуын, пациенттердің тар мамандарға қаралуын және қан алу кабинеттерінің жұмысын тексерді.

ШҚО ЖИТС Орталығының мамандары Қан орталығында тәжірибелік оқудан өтті

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары Қан орталығында тәжірибелік оқудан өтті. Іс-шара аясында олар үшін экскурсия ұйымдастырылып, мекеменің жұмысы және зертханалық диагностика үдерістерімен таныстырылды.

Оқу барысында ЖИТС орталығының қызметкерлері қанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны зертханалық талдау әдістері және диагностиканың заманауи тәсілдері туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, мамандар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.

АИТВ-дің алдын алу – өміріңізді қорғаңыз

№45 мектепте АИТВ инфекциясының алдын алу туралы дәріс өтті. Оны ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Амирова Аяжан Айткенқызы жүргізді. Оқушылар АИТВ туралы, оның берілу жолдары мен қорғану тәсілдері жайлы маңызды ақпарат алды.

АИТВ келесі жолдармен беріледі: қан арқылы, қорғаныссыз жыныстық қатынас кезінде, жүктілік, босану немесе емізу барысында анасынан балаға жұғуы мүмкін. Бірақ вирус қол алысу, құшақтасу, сүйісу, жәндіктердің шағуы немесе тұрмыстық заттар арқылы таралмайды.

Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда! Білімді болыңыз, қауіптің алдын алыңыз!

 

КДЛ "DiaMed" және “Фемина” ЖШС-де АИТВ-ның алдын алу бойынша семинар

5 наурызда ШҚО ЖИТС орталығы КДЛ "DiaMed" және “Фемина” ЖШС мамандарына арналған семинар өткізді. Семинар барысында төтенше жағдайларда әрекет ету, қан алу ережелері, пробиркаларды дұрыс кодтау және белгілеу мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға негізгі қағидалар еске салынды және ұсыныстар берілді.

Мұндай іс-шаралар медициналық ұйымдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға, инфекция жұқтыру қаупін азайтуға және медицина қызметкерлері мен пациенттердің сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі.

 

№ 1 бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығында ЖИТС-тің алдын алу және бақылау

Өскемен қаласындағы №1 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығында ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу бойынша мониторингтік қызмет жұмыс өткізілді. Оның негізгі мақсаты – халық арасында білім беру, алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алу.

Қызмет мамандары ақпараттық іс-шаралар, дәрістер мен кеңестер ұйымдастырып, адамдарға АИТВ/ЖИТС-ке қатысты маңызды мәселелерді түсіндіреді. Олар уақытылы тестілеудің маңыздылығы, қауіпсіз мінез-құлық және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарас туралы айтады.

№5 орта мектепте АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өтті

№5 орта мектепте АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында танымдық дәріс өтті. Іс-шараны ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары ұйымдастырып, оқушыларға АИТВ-ның жұғу жолдары, сақтану шаралары және бұл мәселе туралы ақпараттанудың маңыздылығы жөнінде айтып берді.