«Адам құқықтары жолында - дұрыс жолды таңдаңыз!»: ЖИТС-тің алдын алу бойынша колледж студенттеріне арналған дәріс өтті
«Өскемен көпсалалы колледжінде» Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған арнайы дәріс өтті. Іс-шараны Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары ұйымдастырды.
«Адам құқықтары жолында - дұрыс жолды таңдаңыз!» тақырыбы аясында студенттерге АИТВ-ның алдын алу шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді. Мамандар жастарға өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, сондай-ақ адам құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.