Медицина колледжінің оқушыларына арналған акция
Бүгін Өскемен жоғары медициналық колледжінде Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен «Өз мәртебеңді біл» акциясы өтті.
Бүгін Өскемен жоғары медициналық колледжінде Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен «Өз мәртебеңді біл» акциясы өтті.
Семинар Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының өкімімен өткізілді. Семинарға жастар орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және аутрич-қызметкерлері қатысты.
Семинарға қатысушылар АИТВ-ның байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактикасы бойынша барлық сұрақтар бойынша толық ақпарат алды.
Соңғы жылдары АИТВ/ЖИТС инфекциясымен күресу денсаулық сақтаудың маңызды бағыттарының біріне айналды.
Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС орталығы өңірде АИТВ-инфекциясының таралуын алдын алу жұмыстарымен және бақылаумен белсенді айналысады. Бұл жұмыстың негізгі элементтерінің бірі-медициналық мекемелердегі жағдайды үнемі тексеріп, әдістемелік көмек пен талдауды жүзеге асыратын мониторингтік топтың қызметі.
17 қыркүйекте ШҚО ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Алтай ауданында орналасқан Серебрянск қалалық ауруханасына кезекті мониторингтік сапар өткізді. Сапардың мақсаты АИТВ-инфекциясының алдын алу және емдеу бойынша бағдарламалардың тиімділігін бағалау және аурухананың медициналық қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету болды.
2024 жылғы 16 қыркүйекте ЦентрКредит Банкінің бас кеңсесінде Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұйымдастырған "Өз мәртебеңді біл" атты акция өтті. Іс-шара банк қызметкерлері мен клиенттерінің назарын аударып, АИТВ-ға тестілеуден тез және конфедициалды өтуге мүмкіндік берді.
13 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Белоусовка ауылында орналасқан Глубокое аудандық ауруханасының филиалында мониторингтік сапар өткізді. Сапардың негізгі мақсаты – медициналық персоналға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету және ауданда АИТВ инфекциясының алдын алу мен емдеу деңгейін арттыру болды.
Мониторингтік сапарлар АИТВ-ны диагностикалау, емдеу және алдын алуға байланысты медициналық қызметтердің сапасын бақылау үшін өткізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары тұрақты түрде өңірдегі денсаулық сақтау саласының жағдайына мониторинг жүргізіп отырады. Осындай шаралардың бірі 12 қыркүйек күні Глубокое аудандық ауруханасында болды. Сапар барысында ЖИТС орталығының қызметкерлері АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностика және емдеу жұмыстарын ұйымдастыруға кешенді тексеру жүргізді.
Шығыс Қазақстан облысында АИТВ-инфекциясының таралуымен күресу мақсатында ШҚО ЖИТС орталығының мамандары "Авиценна" Отбасылық денсаулық орталығына жоспарлы мониторингтік сапар өткізді. Сапардың мақсаты – халық арасында АИТВ-ның алдын алу мен медициналық көмектің сапасын арттыру болды.
5 қыркүйекте Үлбі металлургия зауытының (ҮМЗ) аумағында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұйымдастырған "Өз мәртебеңді біл" акциясы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты қызметкерлердің АИТВ-инфекциясы туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Акция барысында зауыт қызметкерлері АИТВ-ға тегін тестілеуден өтуге, сондай-ақ мамандардан кеңес алуға мүмкіндік алды. ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері АИТВ-инфекциясын жүйелі түрде тексеру мен ерте анықтаудың маңыздылығын түсіндірді.
29 тамыз 2024 жылы "Император" сауда үйінде және Арбатта ШҚО ЖИТС орталығы ұйымдастырған "Өз мәртебеңді біл" акциясы өтті.
Іс-шара қала тұрғындарының қызығушылығын тудырып, барлығына АИТВ-ға тегін тестілеуден өтуге бірегей мүмкіндік берді.