Білім – күш: Өскемен қаласындағы Ахмер орта мектебінде АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өтті
Өскемен қаласындағы Ахмер орта мектебінде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша танымдық дәріс өтті. Іс-шараның арнайы қонағы болып ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог-дәрігері Амирова Аяжан қатысты.
Маман оқушыларға АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері және үнемі тест тапсырудың маңыздылығы туралы кеңінен түсіндіріп берді. Сонымен қатар, АИТВ туралы жалған түсініктерді жоққа шығарып, осы диагнозбен өмір сүріп жатқан адамдарға деген төзімді көзқарас қалыптастыруға баса назар аударылды.