Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

АИТВ-ден қайтыс болғандарды еске алу күніне орай сотталғандар арасында дәріс өтті

Халықаралық АИТВ-ден қайтыс болғандарды еске алу күні аясында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Половинка ауылында орналасқан 18-ші түзеу мекемесінде сотталғандар үшін ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді. Іс-шараға ШҚО ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының өкілі, эпидемиолог дәрігер Аяулым Аукенова қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – сотталғандардың АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыру, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары, дер кезінде тестілеу мен антиретровирустық терапияны бастау маңыздылығы туралы ақпарат беру болды.

Дәріс барысында Аяулым Аукенова өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, АИТВ/ЖИТС жөнінде кең тараған жаңсақ пікірлерді жоққа шығарды. Ол қазіргі медицина АИТВ жұқтырған адамдарға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманы азайту және бір-біріне құрметпен қарау қажеттілігі де сөз болды.

Қатысушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Мамандар тарапынан барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді. Дәріс соңында көптеген сотталғандар пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдіріп, АИТВ/ЖИТС мәселесіне деген көзқарастарының өзгергенін айтты.