Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС орталығының Глубокое аудандық ауруханасындағы мониторингтік жұмысы

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Глубокое аудандық ауруханасына мониторингтік іссапармен барды. Сапар мақсаты – АИТВ жұқпасы бар науқастарды диагностикалау, емдеу және жүргізу мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне консультативтік көмек көрсету.

Іссапар аясында мамандар медициналық құжаттарды талдап, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерімен науқастарды жүргізудің ерекшеліктерін талқылады, қолданыстағы клиникалық хаттамалар мен стандарттар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ алдын алу шараларының сапасын арттыру және медициналық көмектің түрлі деңгейлері арасындағы сабақтастықты нығайту жөнінде ұсыныстар берілді.

Кездесу соңында ЖИТС орталығының өкілдері АИТВ-ның алдын алу мен оған қарсы күресте медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырып отыру мен мекемелер арасындағы тығыз байланыстың маңыздылығын атап өтті.