Шемонаиха аудандық ауруханасында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мониторинг тобы жұмысын жүргізді. Қызметтің басты мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу шараларына әмбебап қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Мамандар құжаттаманы зерттеп, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына баға беріп, аурухана қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетті. Медициналық қызметкерлерге шұғыл жағдайларда қан алу кезінде АИТВ-ға экспресс-тест жүргізу тәсілдері практикада үйретілді.
Аурухана базасында АИТВ бойынша сенім пункті жұмыс істейді. Бұл жерде кез келген адам анонимді түрде және тегін тестілеуден өтіп, кеңес алып, психологиялық қолдау ала алады.
Биылғы мониторинг жұмысының ерекше сәттерінің бірі — аудандық аурухананың бас дәрігері Таймасова Бақыт Сабырқызының профилактикалық жұмысқа белсенді араласуы болды. Ол мониторинг тобына ілесіп, мамандардың жұмысын бақылап, АИТВ инфекциясының алдын алу шараларына тікелей қолдау көрсетті. Бұл — басшылықтың үлгі боларлық белсенділігі.
Өткен жылмен салыстырғанда оң өзгерістер байқалады: тестілер жеткілікті көлемде сатып алынған, жүкті әйелдермен және қан реципиенттерімен жұмыс жанданды. Алайда маңызды мәселе де бар – клиницист-дәрігерлер тарапынан АИТВ-ны клиникалық көрсеткіштер бойынша анықтауға деген сақтық жетіспейді. Мысалы, ЖЖБИ (мерез, трихомониаз және т.б.) диагнозы қойылған науқастардың кейбірі АИТВ-ға тексеруге жіберілмеген. Бұл жағдай – инфекцияны өткізіп алу қаупін арттырады.
Мониторинг нәтижесінде берілген барлық ұсыныстар мен ескертулер назарға алынды. ЖИТС орталығының мамандары бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, жергілікті медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуді жалғастырады.