Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

2025 жылға арналған бюджет қаражаты есебінен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу Тендер №1 ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАсы

2025 жылға арналған бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу Тендер №1 ҚОРЫТЫНДЫ ТУРАЛЫ ХАТТАМАсы

 

2025 жылға арналған бюджет қаражаты есебінен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу Тендер №2 ҚОРЫТЫНДЫ ХАТТАМАсы

2025 жылға арналған бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу Тендер №2 ҚОРЫТЫНДЫ ТУРАЛЫ ХАТТАМАсы

 

Шығыс Қазақстан облысы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері ҚАЖД N73 мекемесінде семинар өткізді

Шығыс Қазақстан облысы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері Арай Айдарқызы ҚАЖД N73 мекемесінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мониторингтік тобы «Денсаулық» дәрігерлік амбулаториясында жұмыс сапарымен болды

Шығыс Қазақстан облысы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мониторингтік тобы «Денсаулық» дәрігерлік амбулаториясында жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында емхана жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында әдістемелік- ұйымдастырушылық көмек көрсетіліп, АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша медицина қызметкерлеріне семинар өткізілді.

Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінде АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өтті

Іс-шараны облыстық ЖИТС орталығының маманы Салимбаева Динара Рашидқызы жүргізді.

Дәріс барысында студенттер АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу шаралары және уақытылы диагностиканың маңыздылығы туралы ақпарат алды. Ақпаратты жақсырақ қабылдау үшін тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, интерактивті тапсырмалар орындады.

Іс-шараның мақсаты – жастардың АИТВ туралы хабардарлығын арттыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

 

Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебінде 10-11 сынып оқушыларына арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында лекция өтті

Бұл шараны Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығы ұйымдастырды. Лекцияны алдын алу бөлімінің меңгерушісі Амирова Аяжан Айткенқызы жүргізді.

Шара барысында оқушыларға АИТВ/ЖИТС туралы маңызды ақпарат беріліп, оның жұғу жолдары мен сақтану тәсілдері түсіндірілді. Сондай-ақ, ауруға қатысты кең таралған қате пікірлер талқыланып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Осындай ақпараттық жұмыстар жастардың денсаулығын сақтауға және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға көмектеседі. Білімді болу – АИТВ-ның таралуының алдын алудың басты қадамы.

 

Шығыс Қазақстан облысы ҚАЖД №17 және №22 мекемелерінің медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті

       Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күресу орталығының ұйымдастыруымен ҚАЖД №17 және №22 мекемелерінің медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.

       Семинарды эпидемиолог дәрігер Нұрпейісова Гүлнар Қабдоллақызы жүргізді.

       Семинардың негізгі тақырыптары:

       1. АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай. 2025 жылдың 1 қаңтарындағы өңірдегі жағдай туралы статистика ұсынылып, алдын алу шараларындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Ахмиров орта мектебінің оқушыларына АИТВ алдын алу бойынша дәріс өткізілді

29 қантарда Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары Ахмиров орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс ұйымдастырды.

Кездесу барысында жасөспірімдерге АИТВ туралы маңызды ақпарат беріліп, оның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ оқушыларға арнайы бейнеролик көрсетіліп, мамандар олардың сұрақтарына толық жауап берді.

Осындай іс-шаралар жастардың АИТВ туралы дұрыс ақпарат алуына, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

 

ТОО «Защитинская теміржол ауруханасына» мониторингтік сапар

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары ТОО «Защитинская теміржол ауруханасына» мониторингтік сапармен барды. Сапардың мақсаты – АИТВ инфекциясын алдын алу және емдеу шараларының сапасын бағалау, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне эпидемиология мен қазіргі замандағы емдеу әдістері бойынша кеңес беру.