Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

АИТВ инфекциясымен күрестегі тәжірибе алмасу - Санкт-Петербургтегі біліктілікті арттыру курсы

2025 жылдың 14 сәуірі мен 25 сәуірі аралығында Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Маркус Е.А. мен Айдарқызы А. Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің ФГБУ «В.А. Алмазов атындағы Ұлттық медицина зерттеу орталығында» (Санкт-Петербург қ.) біліктілікті арттыру курсынан өтті. Оқыту инфекциялық аурулар кафедрасында «АИТВ инфекциясын диагностикалау, алдын алу және емдеу тәжірибесімен алмасу» кәсіби бағдарламасы бойынша жүргізілді.

Алынған білім мен тәжірибе мамандарымызға АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.