Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

ЖИТС орталығының мамандары Марқакөл ауданының аудандық ауруханасына іссапармен барды

Іссапар барысында өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға талдау жасалып, бағалау жүргізілді. АИТВ инфекциясы бойынша негізгі көрсеткіштерге мониторинг жүргізіліп, медицина қызметкерлеріне кеңес түрінде әдістемелік көмек көрсетілді. Науқастарды диагностикалау, бақылау және инфекцияның таралуын болдырмау мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Сонымен қатар, аурухана қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізілді. Қатысушыларға алдын алу шараларының маңыздылығы, ерте анықтаудың рөлі және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманы төмендетудегі медицина қызметкерлерінің орны туралы ақпарат берілді.

Мұндай іссапарлар аймақтағы АИТВ инфекциясын бақылауда ұстау жұмыстарының маңызды бөлігі болып табылады және мекемелер арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.