ШҚО ЖИТС орталығында Игорь Алексеевич Крукты зейнетке шығарып салу рәсімі өтті
Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығында ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің жетекшісі, эпидемиолог дәрігер Игорь Алексеевич Крукты құрметті еңбек демалысына шығарып салу рәсімі өтті.
Игорь Алексеевич медицина саласында 35 жыл еңбек етіп, эпидемиямен күреске бар күш-жігерін арнады. Оның профилактикалық бағдарламаларды дамыту мен орталық жұмысының тиімділігін арттырудағы еңбегі өлшеусіз. Әріптестері оның кәсібилігін, мол тәжірибесін және өз ісіне адалдығын ерекше атап өтті.