Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

Риддер қалалық ауруханасындағы ШҚО ЖИТС орталығының мониторингтік жұмыс

2025 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мониторингтік тобы «Риддер қалалық ауруханасында» жоспарлы тексеріс жүргізді. Мақсат – АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу саласындағы медициналық қызметтердің сапасын бағалау.

Жұмыс барысында АИТВ-ға тестілеу алгоритмдерінің сақталуы, медициналық құжаттаманың жүргізілуі, биоматериалды сақтау және тасымалдау шарттары, сондай-ақ пациенттерге кеңес беру қолжетімділігі тексерілді. Ерекше назар медициналық көмектің әр деңгейі арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету және осал топтармен жұмыс істеу мәселелеріне аударылды.

Мониторингтік топ медициналық қызметкерлердің практикалық сұрақтарына жауап беріп, бірқатар ұсыныстар берді.

Бұл сапар аймақтағы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін көмектің сапасын арттыру және аурудың алдын алу жүйесін нығайту жолындағы маңызды қадам болды.