Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

Аутрич қызметкерлеріне арналған семинар: оқыту, өзара іс-қимыл және жаңа құралдар

ЖИТС орталығында негізгі топтар өкілдерімен жұмыстың сапасын арттыру және медицина мамандарымен, IT-бөліммен өзара әрекеттестікті нығайту мақсатында аутрич қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті.

Семинар барысында АИТВ тестілеуін дұрыс жүргізу, клиенттерді Достық кабинетіне доконтактіні профилактика алу үшін жолдаудың ерекшеліктері жан-жақты талқыланды. Дәрігер-дерматовенеролог мазмұнды баяндама жасап, адамдарды ДКП қабылдауға ынталандырудың маңыздылығын, профилактиканың артықшылықтарын және бұл үдерісте аутрич қызметкерлерінің рөлін түсіндіріп берді.

Семинарда сондай-ақ, профилактика бөлімінің мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, күнделікті жұмыстары, кездесетін қиындықтар мен табысты жағдайлар туралы айтып берді. Іс-шара соңында ЖИТС орталығының IT-маманы маршруттық парақтар мен жолдама талондарын толтыру бойынша оқыту өткізді. Бұл клиенттерді сүйемелдеу үдерісін жеңілдетіп, жүйелеуге көмектеседі.

Семинар алдын алу және медициналық көмек көрсетудің түрлі буындары арасындағы байланысты нығайтып, қатысушыларға өз жұмысын тиімді атқаруға қажетті пайдалы құралдар берді.