Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

Жастар денсаулығы басты назарда: Өскеменде жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесу өтті

Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Jastar Oskemen» комьюнити-орталығында ШҚО-дағы жастар ұйымдарының көшбасшылары мен медицина және психология саласындағы мамандар бас қосты.

Кездесудің басты тақырыбы — жастардың репродуктивті денсаулығы және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, соның ішінде АИТВ-ның алдын алу. Іс-шара ашық диалог форматында өтті, әр қатысушы өз сұрағын қойып, мамандардан кәсіби кеңес алды.

Шарада келесі мамандар сөз сөйледі:
   •   Сабина Павловна Володкина — «№4 қалалық аурухана» ШЖҚ КМК-нің дерматовенеролог дәрігері;
   •   Бақыт Хамзановна Заирова — «Менің отбасылық амбулаториям» орталығының психологы;
   •   Надира Слямхановна Слямханова — ШҚО-ның штаттан тыс бас репродуктологы, Ана мен бала орталығының дәрігері;
   •   Аяулым Еркінқызы Аукенова — ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері.

Кездесу барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, тегін кеңес пен тестілеудің қолжетімділігі және өз денсаулығына саналы көзқарас мәселелері кеңінен қозғалды. Жастарға тексерілудің маңыздылығы және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманың зиянды екендігі түсіндірілді.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні алдын алу тек медициналық емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікке айналды. Жастар денсаулығы туралы ашық айтып үйренсе, болашақта күрделі мәселелердің алдын алу әлдеқайда оңай болады.

Іс-шара жылы шырайлы әрі сенімді атмосферада өтті: лекция түрінде емес, шынайы әңгіме, өмірлік мысалдар және маңызды сұрақ-жауаптармен ерекшеленді. ЖИТС орталығы кездесуге қатысқан барлық жастар мен серіктестерге белсенді ұстанымы мен жауапкершілігі үшін алғыс білдіреді.