Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығындағы семинар
Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мамандарының қатысуымен семинар өтті. Жиында донорлық қанның қауіпсіздігі, инфекциялардың алдын алу және донорларды тексерудің маңызды кезеңдері талқыланды.