«Ем АЛУ плюс» үшін консультация
ТОО «Ем АЛУ плюс» мекемесіне ЖИТС орталағының мамандары мониторингтік жұмыс аясында консультациялық көмек көрсету және мекеменің жұмысын қолдау мақсатында аралады.
ТОО «Ем АЛУ плюс» мекемесіне ЖИТС орталағының мамандары мониторингтік жұмыс аясында консультациялық көмек көрсету және мекеменің жұмысын қолдау мақсатында аралады.
Өскемен қаласындағы ЖИТС орталығында полиция департаменттін медициналық қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинарды эпидемиолог-дәрігер Асенова Ж.О. жүргізді.
Қатысушылар АИТВ инфекциясының алдын алу, жұқтыру қаупі және төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмі бойынша маңызды ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың біліктілігін арттыруға көмектеседі.
Жұмыс орнында (мысалы, ине шаншылып кету, қанның зақымдалған теріге немесе шырышты қабықтарға түсуі) АИТВ жұқтыру қаупі бар төтенше жағдайлар орын алғанда, жылдам әрі дұрыс әрекет ету өте маңызды.
Қ. Нұрғалиев атындағы колледжде студенттерге арналған АИТВ жөнінде дәріс өтті. ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы Салимбаева Динара Рашидқызы жасөспірімдерге вирус жұғу жолдары, одан қорғану әдістері туралы айтып, кең таралған мифтерді жоққа шығарды.
ЖИТС орталығында емдеу және эпидемиология бөлімдерінің мамандарына арналған семинар өтті. Семинар барысында негізгі топтар, соның ішінде АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында АИТВ-ға өзіндік тестілеу мәселелері талқыланды, тестілерді беру алгоритмдері қарастырылып, оқу материалдарымен таныстырылды.
Казахстандық-Америкалық еркін университетінде ЖИТС орталығы ұйымдастырған лекция өтті. Студенттерге АИТВ-ның алдын алу, жұғу жолдары және осы инфекцияға байланысты мифтер туралы айтылды. Ақпараттандырылған болу – қорғаныстың алғашқы қадамы!
Ана мен бала денсаулығы – ұлттың әл-ауқатының негізі. Дәрігерлер, акушерлер мен педиатрлар күн сайын жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің жағдайын бақылап отырады. Алайда кейбір мамандардың еңбегі көлеңкеде қалып қояды, дегенмен олардың жұмысы да аса маңызды. Бұл – перзентханалар мен перинаталдық орталықтарда мониторинг жүргізетін ЖИТС орталығының қызметкерлері. Олардың міндеті – АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу және уақытылы медициналық бақылау жүргізу.
Мониторинг не үшін жүргізіледі?
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Ана мен бала орталығының медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді. Эпидемиолог дәрігерлер Шығыс Қазақстан облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша қазіргі жағдай туралы баяндап, клиникалық практикада қырағылық танытудың маңыздылығын еске салып, алдын алу шараларын талқылады.
Эпидемиолог дәрігер Нұрпейісова Гүлнар Қабдуллаевна ШҚО бойынша өзекті статистиканы ұсынып, АИТВ-ның диагностикасы мен алдын алу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық база туралы ақпарат берді.
24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ – дәл осы күні 1882 жылы неміс ғалымы Роберт Кох туберкулездің қоздырғышын ашқанын жариялады. Бұл жаңалық ауруды анықтау мен емдеуде төңкеріс жасады.
Туберкулез әлі де қауіпті ауру болып қала беруде. Оның АИТВ (ВИЧ) инфекциясымен байланысы және өзін қалай қорғау керектігі туралы фтизиатр-дәрігер Олеся Ионина айтып берді.
Туберкулез және АИТВ: иммунитетке қос соққы
АИТВ жұқтырған адамдар спортпен айналыса алмайды немесе кәсіби спортшы бола алмайды деген кең тараған миф бар. Алайда, қазіргі медициналық деректер бұл қате түсінікті жоққа шығарады. АИТВ фитнеске де, кәсіби спортқа да кедергі емес. Ең бастысы – антиретровирустық терапияны (АРТ) тұрақты қабылдау және денсаулықты бақылау.
Мифтерді жоққа шығарамыз
Миф: АИТВ иммунитетті әлсіретеді, сондықтан спортпен айналысу мүмкін емес.