Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының  таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

ЖИТС орталығы балалар үйінің тәрбиеленушілерін 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен құттықтады

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері арнайы балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады.

Орталық қызметкерлері бүлдіршіндерге сыйлықтар мен түрлі-түсті шарлар табыстап, қуаныш сыйлады. Балалардың жүзіндегі күлкі мен қуаныш бұл күнді ерекше етті.

Біздің ұжым үшін мұндай шаралар – тек қызметтік міндет емес, сонымен қатар әр бала махаббат пен қамқорлыққа лайық екенін еске салатын маңызды сәт. Шағын болса да, жылы тілектер мен сыйлықтар арқылы балаларға қуаныш сыйлауға болады деп сенеміз.

ЖИТС орталығы балалар үйінің қызметкерлеріне жасаған еңбектері мен бала жүрегіне нұр сыйлағаны үшін алғысын білдіреді.