ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.
ШҚО ЖИТС орталығы мамандары гематология орталығының қызметкерлеріне семинар өткізді
ШҚО ЖИТС орталығының мамандары ШҚО «Гематология орталығы» ЖШС қызметкерлеріне арналған практикалық семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикасы мен емі бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы жаңартылған мәліметтер мен тәжірибелік ұсыныстар алды.
Семинардың мақсаты – медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және АИТВ-мен күресте қызметтер арасындағы өзара әрекетті жақсарту.
ҚР ІІМ ҚАЖК № 24 мекемесінде АИТВ ның алдын алу бойынша дәріс
Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің №24 мекемесінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған дәріс өтті.
Іс-шара АИТВ таралу, алдын алу шаралары және тұрақты тестілеу қажеттілігі туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Дәрісті дәрігер-эпидемиолог Аукенова Аяулым Еркінқызы өткізді, ол инфекция қаупі, қорғау әдістері және АИТВ-ны уақтылы анықтаудың маңыздылығы туралы айтып берді.
Баға ұсыныстарын сұрау арқылы сатып алу туралы хабарландыру 10
1. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы - Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Өскемен қ. Буров к, 21/1;
ШҚО ЖИТС орталығының мамандары Ақжар ауылы Тарбағатай аудандық ауруханасына жоспарлы мониторингтік сапар өткізді
АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар аясында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Ақжар ауылында орналасқан Тарбағатай аудандық ауруханасына жоспарлы мониторингтік сапар өткізді.
Сапар барысында мамандар профилактикалық және диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру деңгейін бағалау үшін дәрігерлер кабинеттеріне, процедуралық кабинеттерге және зертханаларға барды. АИТВ-инфекциясына тестілеу жүргізу және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күресу орталығының мониторингтік тобы Зайсан аудандық ауруханасында әдістемелік-консультативтік көмек көрсету мақсатында іс-сапар өткізді
Іс-сапар барысында медициналық қызметкерлерге АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностика және емдеу бойынша кеңестер берілді. Мамандар қазіргі заманғы тестілеу әдістерін, антиретровирустық терапияның қолжетімділігін қамтамасыз ету және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелерін талқылады.
Баға ұсыныстарын сұрау арқылы сатып алу туралы хабарландыру 9
1. Тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы - Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Өскемен қ. Буров к, 21/1;
ШҚО ЖИТС орталығының және "Answer" ҮЕҰ мамандары АИТВ/ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шараларды талқылады
Шығыс Қазақстан облысы ЖИТС орталығының профилактикалық бөлімінің мамандары және "Answer" ҮЕҰ өкілдері Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар онкүндігін дайындауға арналған жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты АИТВ/ЖИТС туралы хабардарлықты арттыру және алдын алу мен тестілеудің маңыздылығына назар аудару жолдарын талқылау болды. Қатысушылар идеяларымен бөлісті және ақпараттық акциялар, консультациялар, экспресс-тестілеу және басқа да іс-шараларды қамтитын онкүндікке арналған жұмыстың негізгі бағыттарын анықтады.
Астанада «АИТВ алдын алу бойынша онлайн құралдар» атты тренингі өтті
Астанада негізгі топтар арасында АИТВ-ның алдын алу үшін онлайн құралдарды тиімді пайдалану тақырыбында тренинг өтті. Глобалды қор мен Қазақстанның дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының қолдауымен өткен шараның мақсаты — Қазақстандағы АИТВ-ның алдын алу бағдарламаларында онлайн құралдардың тиімділігін арттыру.